Ақтау қалалық әкімдігінен мәлім еткендей, жоба қаланың 55 жылдығына орай қолға алынған және ол жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігі есебінен жүргізілуде.
Автобус повильондарының конструкциясы металдан тұрады, араларын мөлдір шыны жалғайды. Жалпы ұзындығы -12 метр. Түнгі уақытта жарықтандырылып тұратын екі жақ қабырғасы ақпараттық-жарнамалық мәліметтерді орналастыруға арналған.
Бүгінде жаңа аялдамалар 6-ыншы, 7-інші және 12-шағын аудандарда орнатылды. Алдағы уақытта тағы 12 павильон тұрғызу жоспарда бар.
«Барлық аялдамалар толық орнатылған соң, Wi-Fi желісіне қосылады», - делінген әкімдік ақпаратында.