«Ақтау-Баку» су көлігі желісін құруды қарастыру керек - Елбасы

None
АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - «Ақтау-Баку» су көлігі желісін құруды қарастыру керек. Бүгін Ақордада өткен 2012 жылдың қорытындысына және «Қазақстан -2050» стратегиясын жүзеге асыруға арналған кеңейтілген отырыста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай тапсырма берді.

«Таяу болашақта Түркия аумағына, одан әрі Еуропаға шығуға мүмкіндік беретін «Ақтау-Баку» көлік жеңісінің жаңа маңызы белең алады», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Елбасы Ақтау теңіз айлағының өзінің жобалық қуатында жұмыс істеп тұрғандығын баса айта келе, дегенмен Үкімет екінші, үшінші жобаларды жүзеге асыру қажеттігін ескертіп өтті.

«Біздерге өзіміздің паром салуымызға тура келеді. Біз Каспий жағалауында тұрып жатқан көршілерімізден қалып келеміз. Яғни, бұл істі дамыту бойынша жеке бағдарлама әзірлеу қажет», - деді Н.Назарбаев.