Ақтау дәрігерлері жаңа жыл түнінде жүкті әйелді құтқарып қалды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жаңа жыл түнінде Маңғыстау облысы перинаталды орталығында 9 сәби дүниеге келді: олардың алтауы ұл және үшеуі қыз. Жаңа жылдық сауық кешінде толғағы ұстаған жүкті әйел жылтыраған көйлегімен бірге дереу ота үстеліне жатқызылды.

Дәрігерлер дер кезінде ота жасап, ана мен баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін 9 сәби дүние есігін ашты. Ең алғашқы нәресте - қыз бала, 02:35-те 3 келі, 470 грамм салмақпен туды. Бұл түні дүниеге келген ең үлкен бала 4 келі, 50 грамм болды, ең кішісі - 2 келі, 600 грамм. Барлығы 3 қыз және алты ұл. Бір жүкті әйел сауық кешінен бір-ақ келді. Оны тексерген дәрігерлер дереу кесір тілігін жасау туралы шешім қабылдады. Отаның көмегімен ананың да, баланың да өмірін сақтап қалдық», - деді Маңғыстау облысы перинаталды орталығының директоры Жамал Жаманбаева.