АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық ауруханасындағы кардиология орталығы 51 жастағы Роза есімді науқастың өмірін сақтап қалды. Науқастың жүрегіне 4-5 см көлемінде ет өскен. Дәрігерлер шұғыл ота жасап, оны сылып алып тастаған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Ота 3,5 сағатқа созылды. Қозыбаевтың жанында ассистент қызметін емдеуші дәрігер Нұрғазы Құрманалиұлы атқарып, анестезиолог-перфузиолог Мәулен Жұмаділлаев болды, сонымен қатар, операцияға кардиолог Әсел Серяковская қатысты.
Ота аяқталғаннан кейін бірнеше сағат ішінде әйел қолдан дем алдыру аппаратынан ажыратылып, өзіне келді. Бүгін ол басын көтеріп, сөйлеп, тамақ ішу мүмкіндігіне ие болды, дәрігерлер науқастың жақын арада жағдайы тұрақталатындығын жеткізді.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.