Ақтау–Форт-Шевченко тас жолында тоқтатылған көліктен 152 келі бекіре балығы табылды
18:15, 02 Қыркүйек 2022
АҚТАУ.ҚазАқпарат - Ақтау – Форт-Шевченко тасжолында келе жатқан көлікті тоқтатып, тексеру барысында 152 келі бекіре балығы тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«31 тамыз сағат 22:50 шамасында Полиция департаменті ротасының қызметкері Ақтау - Форт-Шевченко тасжолының 100/32 шақырымында Mitsubishi Delica автокөлігін тоқтатты. Автокөлікті тексеру барысында 152 келіні құрайтын 34 дана бекіре тұқымдас балық анықталып, тәркіленді», - деді Полиция департаментінен.
Табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін кінәліге қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.