— Жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиға орнында Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және прокуратура органдарының қызметкерлері жұмыс жүргізіліп жатыр.
Оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр, — делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Қажетті сот сараптамалары тағайындалды.
Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды.
Айта кетелік Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапқан еді.