Әскери қызметшілер бұған дейін қысқы оқу кезеңіндегі мамандық бойынша дайындық барысында штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделеп, саптық және атыс дайындығынан дербес түрде өткен болатын.
– Әскери қызметшілер «Оймаша» полигонында қазіргі заманғы жалпы әскери ұрысты жүргізу, қорғаныс кезінде, шабуылдау мен жергілікті жерді барлау барысында іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтап жатыр. Сабақтың үштен бірі түнгі жағдайда өтуде, – деп түсіндірді шабуылдау батальонының командирі майор Фархат Манабаев.
Бөлімшелердің үйлесімділігі тактикалық тапсырмаларды орындау кезінде тексеріледі. Командирлер атысты басқару мен бөлімшерлердің ұрыс қимылдарынан тәжірибе алса, әскери қызметшілер бөлімше құрамындағы іс-қимыл тәртібін бекітеді.
– Жауынгерлік атыстарды орындау кезінде бөлімше командирінің іс-қимылы оның бөлімшені шапшаң, дұрыс және нақты басқару қабілетіне қарай бағаланады, – деп нақтылады батальон командирі.
Жауынгерлік дайындық іс-шараларына 50-ге жуық әскери техника жұмылдырылған. Жауынгерлік дайындықтың келесі кезеңі взводтарды үйлестіру болмақ.