Оған қатысты сот төрт айға созылды. Бастапқыда бұл істі Ақтау қалалық соты қарап, кейін Мұнайлы аудандық сотына берілген.
- Бүгін Мұнайлы аудандық сотында Бауыржан Шайдуллинге қатысты іске нүкте қойылды. Оған тоғыз жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оның серіктесі - сот орындаушысы Ринат Жанахметов 8 жылға сотталды. Бұрынғы судьядан мемлекет кірісіне оның банк ұяшығынан табылған 16 миллион теңге тәркіленді.
Ал, жәбірленушілердің сотталушылардан 1 миллион теңге талап еткен талап арызын сот қараусыз қалдырды, - делінген хабарламада.
Бұған дейін, Ақтау қалалық сотының төрағасы ұсталған сәттің видеосы жарияланған болатын.
Содан соң Ақтау қалалық сотының төрағасына қатысты тергеу аяқталды деп жаздық.