Шапағат Басшыұлы Әзірханов 1990 жылғы 22 қазанда Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары.
Еңбек жолын 2007 жылы «Ағния» ЖШС-де оператор-бағдарламашы қызметінен бастаған. 2008–2010 жылдары осы мекемеде экономика жөніндегі менеджер болып жұмыс істеген.
2011–2017 жылдары Бейнеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында жетекші және бас маман қызметтерін атқарды.
2017–2022 жылдары аталған басқармада ақпараттарды қабылдау және өңдеу бөлімінің, салықтық бақылау және өндіріп алу бөлімінің басшысы, сондай-ақ басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2022 жылғы ақпаннан 2023 жылғы қыркүйекке дейін Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болды.
2023 жылы Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің берешектермен жұмыс бөлімін басқарды.
2024–2025 жылдары «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамында, кейін Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінде жұмыс істеді.
2025 жылғы 4 тамыздан бастап бүгінге дейін Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Айта кетейік, Сәкен Мырзақұлов БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды.