АҚТАУ. KAZINFORM – Бүгін, 30 қыркүйек күні Ақтау қаласының 18 шағын ауданында №18-мектеп және 19 А шағын ауданында №24-мектеп пайдалануға берілді. Білім ошақтары Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша «Білім беру инфрақұрылымын дамыту» қорының есебінен салынып, қолданысқа енгізілді.
Фото: Білім басқармасының баспасөз қызметі
Мектептерде балаларды оқыту үшін барлық жағдай жасалған.
— Мектеп ғимараттары толықтай заманауи үлгіде салынып, қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз етілген. Мұнда спорт залдары, асхана, кітапхана, компьютер сыныптары, зертхана кабинеттері мен шеберхана, медпункт және егу кабинеті жұмыс істейді, — дейді Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева.
Фото: Білім басқармасының баспасөз қызметі
Маңғыстауда оқушы саны жыл сайын орта есеппен 5 мыңға өсіп отыр. Жаңа оқу жылында облыс мектептерінде 183 мыңнан аса оқушы оқуда, оның ішінде 20 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттады.
Фото: Білім басқармасының баспасөз қызметі
Облыста «Білім беру инфрақұрылымын дамыту» қорының есебінен тағы екі мектеп бой көтерді. Олар Мұнайлы ауданының Басқұдық және Қызылтөбе-2 ауылдарында орналасқан. Одан бөлек, аймақта «Жайлы мектеп» жобасы аясында 21 мектеп қолданысқа берілмек.
Фото: Білім басқармасының баспасөз қызметі
Бұған дейін, Ақтауда оқушылардың мектептің кіреберісінде тапталып қала жаздағанын жазған едік.
Фото: Білім басқармасының баспасөз қызметіФото: Білім басқармасының баспасөз қызметіФото: Білім басқармасының баспасөз қызметі
Ізбасарова Аягөз Оралбайқызы телевизия саласында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында жүргізуші-редакторлықтан бастап, редактор, шеф-редактор қызметтерін атқарды. Соңғы 7 жылдан бері «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі. Ақпарат саласының үздігі. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде 2024 жылғы мамырдан бастап қызмет етеді.