Оқиға болған жерге Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев та барып коммуналдық мекеме басшыларымен және уәкілетті орган өкілдерімен жедел жиналыс өткізді. Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев жағдайды бақылауда ұстап отырғанын айтты.
«Құрметті тұрғындар ақау болған жер анықталып, екі жақтан ысырмалар(задвижка) жабылып, қысымы азайтылды. Қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев осы жерге өзі келіп, коммуналдық қызметкерлермен жиналыс өткізіп, тапсырмасын берді. Аталған жиналыста осы ақауды реттеу мәселесімен қатар, болашақта да қандай жұмыстарды істейтінімізді, яғни, тез арада шұғыл қолға алатын шараларды талқыладық. Барлық техника жұмылдырылды. Қазір құбырларды алып келіп, осы жерде ауыстыру мәселесін қарап, арнайы жоспар бекітілді», - деді қала әкімі Ұлықбек Тналиев.