Ақтау қаласында қаржы пирамидасы әшкереленді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы бойынша ҚМА аумақтық департаменті қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша «World Business Consulting»компаниясына қатысты қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«World Business Consulting» компаниясы өзіне сенген азаматтардың жарналарын қабылдап, 2018 жылдан 2022 жылға дейін тұрақты сыйақы алуға уәде берген.

Шын мәнінде, компанияда заңды кәсіпкерлік қызметтен тұрақты табыс болған жоқ, ал қатысушылардың сыйақысы кейінгі салымшылардың қаражаты есебінен қамтамасыз етілді.

Аталған қылмысты жасады деген күдікпен «World Business Consulting» компаниясының директоры Жүгінбаева Жеміс ұсталды.

Еске сала кетсек, бұған дейін аталған қаржы пирамидасының қызметін Агенттік былтырғы жылы Алматы қаласында тоқтатқан болатын.