Бүгін түнде Ақтаудың Шығыс-2 шағынауданында «Фольксваген» көлігі өртене бастап, ішіндегі газ-баллондық аппаратураның жарылысы болды.
Өрт салдарынан көлік құралының 51 жастағы жүргізушісі күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
ТЖ-ды жоюға ҚР ТЖМ Маңғыстау облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.