Ақтау қаласында ұры-гастролерлер тобы ұсталды - ІІМ

None
АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Ақтау қаласында ұры-гастролерлер тобы ұсталды, топ мүшелерінің барлығы Алматы облысының тумалары.

Бұл туралы бүгін ІІМ-де өткен брифинг барысында Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Криминалдық полиция қызметкерлері Ақтау қаласында пәтерлерді тонаумен айналысатын қылмыстық топтың пайда болғаны жөнінде жедел ақпарат алады. Полицейлер тергеу барысында күдіктілерді анықтап, олардың іздерін аңдиды. Жасырын бақылау жүргізу өзінің жемісін береді. Олар «Толқын - 1» шағын ауданында орналасқан тұрғын үйдің пәтеріне түсіп, тонау үстінде қолға түседі.

 «Олардың көлігінен аңшылық қару және ұрланған зергерлік бұйымдар тәркіленді. Жалдамалы пәтерлерінен олардың тағы үш қатысушысы ұсталады. Тінту кезінде пәтерден ұрланған заттар табылды», дейді Қ. Жұманов.

 Қылмыстық топ Ақтауда 9 пәтерді тонағандарын мойындап отыр.