деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Министрліктің хабарлауынша, өрт 90 шаршы метр аумақты қамтып, оқиға орнынан 40 адам қауіпсіз орынға көшірілген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру күшінің көмегімен ауыздықталған. Оған аталған мекеменің жеке құрамындағы 22 маман мен 4 техника жұмылдырылған.