Ақтау қаласындағы түрмеден қашқан 21 сотталғанның 8-і ұсталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресми өкілдің айтуынша, бүгін, маусымның 22-сінде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 5-тің шамасында Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының ГП/172/1 (Ақтау қаласы, қатаң режим) мекемесінен 21 адамнан тұратын сотталғандар тобы № 6-шы бекет аумағындағы негізгі қоршаудан секіріп түсу арқылы қашып кеткен. Сотталғандардың қашуына 2 автомашина мен мекеме аумағына жақын келген белгісіз қаруланған адамдар көмек көрсеткен. «Сотталғандар қашқан кезде Ақтау қаласы 6656 әскери бөлімінің жедел қызметтегі әскери қызметшісі оларды тоқтату үшін оқ атқан. Қайтыс болғандар мен жараланғандар бар. Қазіргі уақытта 21 сотталғанның 8-і ұсталды. Қалғандарының жасырынған жері анықталуда. Оларды ұстау үшін құқық қорғау органдары шұғыл іздестіру шараларын жүргізуде», деді Е. Ерімбет.