Ақтау – Қызылорда – Ақтау бағыты ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облысының көлік-логистикалық әлеуетін арттыру мақсатында Сыр өңірінен Маңғыстауға жаңа әуе бағыты ашылды.

Фото: Қорқыт ата әуежай

Қорқыт ата атындағы халықаралық Қызылорда әуежайынан хабарлағандай, SCAT әуе компаниясы 20 маусымнан бастап Ақтау – Қызылорда – Ақтау бағыты бойынша тұрақты әуе рейсін іске қосады.

- Рейсті Boeing әуе кемесі орындайды. Ұшақ аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері қатынайды. Кестеге сәйкес ұшақ Қызылорда әуежайына сағат 16:00-де қонып, 17:00-де Ақтауға қайтадан аттанады, - делінген хабарламада.

Әуе байланысы екі облыстың арасындағы жолды қысқартуға, туристік және іскерлік қарым-қатынасты жандандыруға бағытталған.

Ал ертең, яғни 12 маусымнан бастап Астана — Қызылорда — Астана және Астана — Шымкент — Астана бағыттары бойынша әуе рейстері белгіленген кестеге сәйкес жұмысын қайта бастайды.