Ақтау маңында болған ұшақ апатынан қаза тапқан бір адамның аты-жөні анықталды

Фото: Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

АҚТАУ. KAZINFORM – Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының сағат 10:30 дағы мәліметі бойынша ауруханаға келіп түскен барлық пациент ҚР ДСМ диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес толық көлемде ем алып жатыр.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, тергеу органдары 2 пациенттің жеке басын анықтау бойынша жұмыс жүргізді, олардың біреуі анықталып, Әзірбайжан азаматтығы анықталды. Сондай-ақ, санитарлық авиация желісі бойынша Астана қаласынан Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының және жетекші республикалық орталықтардың жоғары білікті мамандары келді. 

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Жоғарыда аталған мамандардан басқа, Әзірбайжан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен ТЖМ арнайы кеңесі, санавиация бригадасы келді. Барлық зардап шеккен науқастарға тексеру жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ зардап шеккендермен және олардың туыстарымен психологтар тобы жұмыс істеп жатыр. ​

Бүгін 26.12.2024 жылы таңертең Ақтау уақытымен сағат 08:30-да Ресей Федерациясының ТЖМ орталық аппаратының санитарлық авиация бортында Ресей Федерациясының азаматтары эвакуацияланды. ​Қазіргі уақытта ауруханада 20 науқас БАҚЫЛАУДА, оның 6-ы реанимацияда: 5-і МОБ ЦОР-да және 1-і Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының реанимациясы бөлімінде. МОБ ЦОР-дан 2 пациент травматология бөлімшесіне ауыстырылды.

Маңғыстаулықтар ұшақ апатынан зардап шеккен 9 ресейлік азаматты Мәскеуге шығарып салғанын жазған болатынбыз.