Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Әзербайжан прокурорлары Грозныйға келді

АСТАНА. KAZINFORM - Бұл туралы Әзербайжан Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесінде айтылған.

Фото: 1news.az

- Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің тапсырмасына сәйкес, Ақтау қаласының маңындағы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің объективті шындығын анықтау үшін шұғыл және қажетті шаралар қабылданып жатыр. Осы мақсатта Бас прокуратураның бір топ қызметкерлері Грозный қаласына жіберіліп, Ресей Федерациясының Бас прокуратурасымен жасалған келісімге сәйкес осы мекемедегі әріптестерімен бірлесіп тергеу және басқа да процессуалдық әрекеттерді жүргізеді, - делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін Әзербайжан бас прокурорының орынбасары Эльмар Джамаловтың жетекшілігімен Қазақстанға тергеу тобын жіберген болатын. Әзербайжан тарапы сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасынан іс бойынша тиісті тергеу және басқа да қажетті процессуалдық әрекеттерді жүргізу үшін құқықтық көмек көрсетуді сұрады.

Желтоқсанның 26-сы күні ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Ресей мен Әзербайжанның құқық қорғау органдарына қылмыстық істі тергеуге (ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес) қатысуға рұқсат берілмейтінін, алайда ұшақ апатына қатысты іске қатысуға рұқсат етілетінін айтты.

Сондай-ақ, Бразилиядан Ақтауға ұшақ өндіруші Embraer компаниясының тағайындалған өкілдері келді.