Ақтау маңындағы ұшақ апаты: зардап шеккен отбасыларға қаржылай қолдау көрсетіледі

Фото: Видеодан алынған кадр

АСТАНА. KAZINFORM – Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қазақ тапқан жандардың отбасына мемлекеттік әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары Ақмәди Сарбасов мәлім етті.

— Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры аясында асыраушысынан айрылу бойынша төлем жасау туралы шешім қабылданды. Жергілікті құрылым желісі бойынша демеушілермен, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасаймыз. Әрине, біржолғы көмек көрсетіледі. Қазір оның мөлшері анықталады. Кепілдендірілген мемлекеттік төлемдерге келетін болсақ, республикалық бюджет желісі бойынша әрбір отбасы бойынша тиісті төлемдер жүзеге асырылады, — деді Ақмәди Сарбасов Ақтауда өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның мәлімдеуінше, асыраушысынан айырылу бойынша 138 мың теңге көлемінде көмек көрсетіледі. 

— Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен 257 мың теңге төлем жасалады, — дейді ол. 

Бұған дейін Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтау маңындағы ұшақ апатының себебіне қатысты түсінік берді. 

Сондай-ақ, ұшақ апатынан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы айтылды.