— Борттан екі қара жәшік табылды. Әуе оқиғаларын тергеу басқармасына тапсырылып, кейін олар қаралады, — деді Маңғыстау облысының көлік прокуроры Абылайбек Ордабаев Ақтауда өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ көлік прокуроры ұшақ құлаған жерде жүргізілген жұмыстар туралы айтты.
— Зардап шеккендерден және жердегі қызмет қызметкерлерінен жауап алынды. Сондай-ақ барлық куәгерді анықтап жатырмыз. Диспетчерлер мен экипаж арасындағы радиостанция бойынша келіссөздер жазбасы алынды. Оқиға орнын тексеруді аяқтау сатысында 4 мың шаршы метрден астам аумақты полиция күшімен күзету қамтамасыз етілді, — деп толықтырды спикер.
Айта кетейік, Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қайтыс болған қазақстандықтардың отбасына мемлекеттік қаржылай қолдау көрсетіледі.
Бұған дейін Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтау маңындағы ұшақ апатының себебіне қатысты түсінік берді.
Одан бөлек, ұшақ апатынан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы айтылды.