Ақтау мен Шымкент қалаларынан Түркия әуерейсін ашу жоспарланып отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездескен ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу екі ел арасындағы әуерейстердің санын арттыру мүмкіндігі жайлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әуе қатынастарымыздың жиілігі 40-тан 93-ке дейін артты. «Астана-Анкара» және «Алматы-Анкара» бағыттары бойынша әуерейстері ашылды. Басқа ірі қалаларды байланыстыратын бағыттарды қарастыру көзделген. Қазіргі кезеңде Ақтау мен Шыменттен әуе қатынасын орнату мүмкіндіктері қарастылыруда. Осының барлығы – екі елді жақындастыра түсетін айтулы іс-шаралар», - деп мәлім етті Мұрат Нұртілеу.

Сонымен қатар ведомство басшысы қарашада Түркістан қаласында өтетін Түркі мемлекеттерінің мерейтойлық 10-шы саммитіне қатысу үшін Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келетінін атап өтті.

Бұған қоса, министр атап өткендей, биыл 7 айда Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымы 3,6 млдр долларға жетті.