Сурет 3D форматында орындалған.
«Компьютерлік графика көмегімен 3D стилінде сурет салудың оңайлатылған тәсілін ойлап таптым. Әрі, оның тиімді екеніне көз жеткіздім. Дос суретшілерді тарта отырып, жобаны қолға алдық. Фестиваль логотипін салуға шешім қабылдап, суретін әзірледік. Бұл идеяны шара ұйымдастырушыларымен бірлесіп талқылап, көлемін нақтыладық. Суретті салуға бір айдай уақыт жұмсадық», - дейді Сергей Руденко. Суретшінің айтуынша, суретті салуда оның екі жазықтықтан тұратыны қиындық тудырған. Осындай көркем туындыны дүниеге әкелуге Катя Понамарева, Владимир Вялков, Константин Баскаков, Марина Демченко тәрізді өнер иелері өз үлестерін қосқан. Олардың айтуынша, суретті салуға түрлі түсті 98 бояу баллондары қажет болған. «Бұл туындыға біз күшіміз бен қаражатымызды ғана жұмсаған жоқпыз, оны бар жан-тәнімізбен салдық. Тұрғындарға ұнап жатса, қуаныштымыз», - дейді шеберлер.