Ақтау теңіз-сауда портының басшысы ұсталды
14:47, 29 Мамыр 2025
АҚТАУ. KAZINFORM — Кazinform агенттігі бұл мәліметті өзінің ақпарат көздеріне сүйене отырып, хабарлайды.
Мәліметтерге сүйенсек, Ақтау халықаралық теңіз-сауда портының президенті қамауға алынған, тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізіп жатыр.
Әзірге порт басшысының қандай күдікке ілінгені белгісіз. Кazinform ҚР ҰҚК-не ресми сұрау хатын жолдады. Бірақ «Ақтау теңіз сауда порты» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қазір уақытша тергеу изоляторында.
Бұған дейін, Маңғыстауда «Кезби» мұнай-сервис компаниясының директоры 10 жылға сотталғаны туралы жазған болатынбыз.