«Біз өзіміздің борышкерлерімізді білеміз және олардың жағдайларын назарда ұстаймыз. Ер адам пәтер сатып алып, оны өзінің атына рәсімдегеннен кейін, ол бірден сот шешімімен оның құқығын білдіретін құжаттар тәркіленді, бағалау жүргізіліп, пәтер бәссаудға шығарылды», - деді жеке сот орындаушы Мұхит Мұқашев.
Борышкер 3,5 млн. теңге аударып, алимент бойынша қарызын бірден төлеген. Сонымен бірге, алдағы алты айдың да алиментін төлеп қойды. Тіпті, бұдан былай уақытымен қарызын өтейтінін айтып сендірді.
Қазіргі уақытта Ақтау қаласында алимент бойынша 4 мың борышкер бар. Облыс бойынша борышкер әкелердің саны 7 мың адамды құрап отыр.