Ақтау тұрғыны Қаракөлге жиналған қызыл қоқиқаздарды видеоға түсіріп алды
08:43, 06 Наурыз 2019
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау тұрғыны Қаракөлге жиналған қызыл қоқиқаздарды видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды lada.kz.
Ер адам құстардың сұлулығы мен кербездігін видеоға түсіріп, оны Instagram парақшасына жариялаған.
Видео авторының айтуынша, ол бұл түсірілімді 1 наурызда Қаракөлде коптердің көмегімен жүргізген.