Маңғыстау облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері В есімді азаматтың тұрғылықты жерін тінтіп, үлкен көлемдегі қару-жарақты, оқ-дәрілер мен бөлшектерді тапты.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы, 3-бөлігі бойынша іс қозғалып, полиция департаментінің Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне енгізілген.
Күдікті уақытша қамау изоляторында. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған.
Сондай-ақ, сот-баллистикалық сараптама тағайындалған. Қазір күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.