Ақтау-Жаңаөзен жолындағы апат: Жүргізуші қаза тауып, екі адам зардап шекті

АҚТАУ. ҚазАқпарат –Ақтау-Жаңаөзен тасжолындағы жол апаты салдарынан жүргізуші қаза болып, жүкті әйел зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты 19 желтоқсан күні Ақтау-Жаңаөзен тасжолының 24-ші шақырымда болды. Жедел-жәрдем көлігі жеткенше, жүргізуші көз жұмған. Көлікте болған 1987 жылғы жүкті әйел мен 3 жасар қыз зардап шекті. Олар Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізілді.

Зардап шеккен қыз жүктіліктің 6-7 аптасында болған, оған дәрігерлер жабық сүйек-ми жарақаты, қабырғаның сынуы, жамбас пен иықтың жарақаты диагнозын қойды.

Кеуде қуысы, өкпенің оң жақ тұсынан жарақаттанған 3 жасар қыз қазір жансақтау бөлімінде жатыр.