АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Ақтау-Жетібай трассасынан 35 км қашықтықта болған.
1995 жылғы Nissan Maxima көлігінен өрт шыққаны туралы хабар 12 тамыз күні 20-23-те түскен.
«Оқиғаның салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 20:58-де толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге бір техника мен бес адам жұмылдырылды. Оттың шығу себебі анықталып жатыр», - делінген ақпаратта.
Фото: lada.kz
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.