Самосвалдың 25 жастағы жүргізушісі жүк көлігімен соқтығысудың алдын алу мақсатында қарсы жолаққа шығуға мәжбүр болып, Toyota Camry көлігімен соқтығысты.
- Жетібайға бара жатып, алдымда жүк көлігін көрдім. Жақындай бергенде оның жүргізушісі артқа қарай жүре бастады. Онымен соқтығыспау үшін солға бұрылып, қарсы жолаққа шығуға мәжбүр болдым. Қарсы жолақта Toyota Camry жүргізушісі келе жатқан. Менде басқа амал болмады. Жүк көліктің жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытты, - деді самосвалдың жүргізушісі.