Ақтау жылу трассасының құбырынан адам мүрдесін алып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау полициясының қызметкерлері балалар емханасы маңындағы жылу трассасының коллекторынан адамның мүрдесін алып шықты, деп хабарлады lada.kz.

Полиция қызметкерлері жедел жәрдем қызметімен бірлесіп, марқұмның денесін алып шықты. Ол үшін құбыр плитасы кранмен көтерілді. Мәйітті кімнің анықтағаны әзірге белгісіз.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда, Маңғыстау облыстық ІІД жақын арада ресми түсініктеме беруге уәде етті.