Ақтау жылыту маусымына 100 пайызға дайын

None
АҚТАУ. 19 қазан. ҚазАқпарат - Ақтау қаласы жылыту маусымына 100 пайызға дайын.

15 қазаннан бастап жылытуға қаланың барлық 44 әлеуметтік нысаны қосылды.

Ал тұрғын үйлерге жылу сырттағы ауа температурасы төмендегеннен кейін  берілетін болады.  

«Жедел штаб құрылып, онда жылумен қамтамасыз етуге байланысты мәселелер шешілуде. Мәселен, алдағы жылыту маусымына қарай тендерді жеңіп алған «Қазақ Су арнасы жобасы» АҚ жүзеге асырған гидравликалық режимдер мен су жылыту жүйесін реттелуін өңдеуге жергілікті бюджеттен 37 млн. теңге бөлінді. Облыс орталығының 23 шағынауданындағы жылыту жүйелерінің су айдау стансыларының насостары үшін жиілікті өзгерту құрылғыларын сатып алуға да қаржы бөлінді», - деп хабарлады Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Болат Қасымов.

 «МАЭК-Қазатомпром» ЖШС, «Каспий жылу, су арнасы» МКК, «АУЭС» МКК бірқатар көлемді жұмыстарды атқарып, қысқа толық дайын екенін мәлімдеуде. Ақтауда қала тұрғындарының үйлеріне жылудың берілуіне жауапты барлық 32 ПИК дайындық актілерін алып үлгерді.