Ақтауда 1 млн. теңге көлемінде есірткі партиясы тәркіленді
17:02, 06 Наурыз 2013
АҚТАУ. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Ақтауда жедел-іздестіру шарасы барысында есірткі сатушы анықталып, 1 млн. теңге көлемінде ірі героин партиясы тәркіленді.
«Маңғышылақ стансасында ҚР азаматы ұсталды. Тінту кезінде ер адамнан 7,5 грамм салмақта героин тәркіленді. Мекен-жай бойынша жедел-іздестіру шарасын өткізу барысында автодромнан 43,5 грамм героин анықталды. Тінту кезінде қызметтік иттің көмегімен тағы да 14 грамм героин табылды. Ұсталған ер адам бұған дейін есірткі заттарын қолданғаны үшін істі болған. Анықталғандай, есірткі заттары Жамбыл облысынан жеткізілген. Жедел-іздестіру шарасы жалғасуда», -деді Ақтау қаласы ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы Валерий Клименков.
Айта кетейік, жыл басынан Маңғыстау облысының ІІД 15 есірткі қылмысын анықтады, 89 келіден астам есірткі заттары тәркіленді. Бұл есірткі заттарының құны шамамен 15 млн. теңгені құрайды.