Ол осыған дейін вирусты жұқтырған науқастың ұлы.
Облыстық қоғамдық коммуникация орталығынан хабарлағандай, қауіпті дерт анықталған адаммен қарым-қатынаста болғандықтан карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған болатын. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.