Ақтауда 12 шағын аудан жарықсыз отыр

Фото: pixabay

АҚТАУ. KAZINFORM — Ақтау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясында бүгін сағат 13:40–та 3Г қосалқы станциясында апаттық жағдай болып, электр қуаты ажыраған.

Соның салдарынан 12, 13, 14, 15, 16, 19, 26, 27, 28, 28А, 29 және 30-шағын аудандар уақытша жарықсыз қалды. Жабдықтың зақымдануы ауа райының ыстығына байланысты артық жүктеменің салдарынан болған.

— «МӨЭК» АҚ апаттық бригадасы қалпына келтіру жұмыстарын істеп жатыр. Мамандар электр энергиясын мүмкіндігінше тез арада қайта қосу үшін бар күшін салып жатыр. Жөндеу жұмыстарының алдын-ала аяқталу уақыты шамамен 21:00, — делінген хабарламада.

Бұған дейін, Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназияның акт залының төбесі құлап қалғаны туралы жазған едік