Ақтауда 14 жастағы қызды жол талғамайтын көлік қағып кетті

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 14 жастағы қызды жол талғамайтын көлік қағып кетті, деп хабарлайды tumba.kz.

«Зардап шеккен қыз облыстық балалар ауруханасыныңтравмотология бөліміне жеткізілді»,-деді Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтаубасқармасының өкілі Азамат Сәрсенбаев.

Оқиға 6 тамызда 14 шағын аудандағы жолда болған. Дәрігерлероның оң жамбасынан жарақат алғандығын хабарлады және гипс салды.

«Қазіргі таңдакөлік қаққан қыз травмотология бөлімшесінда жатыр. Дәрігерлер оның жағдайынорташа ауыр деп бағалап отыр»,-деді Азамат Сәрсенбаев.

Соңғы жаңалықтар