Ақтауда ескі үйлерді бұзу және жаңарту бойынша жұмыстар 2016 жылдан бері жүргізіліп келе жатыр. Осы арқылы апатты жағдайдағы тұрғын үйлер мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп жатыр.
Алғашқы кезеңде яғни 2016-2022 жылдар аралығында 15 ескі үй (2 қабатты) сүріліп, 7 тұрғын үй (бесқабатты) құрылысы жүргізілді. Бұл арқылы 3 ш/а-да орналасқан ескі үйлердің тұрғындары 257 пәтермен қамтамасыз етілді.
«Аталған жоба әрі қарай жалғасып жатыр. 2022 жылы басталған жұмыс 3 кезең бойынша жүзеге асырылады. Бұл арқылы апатты үйлер мәселесі шешіліп, тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі», - дейді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Имаммахмут Шагирбаев.
Атап айтсақ, ескі үйлерді сүру және жаңарту жұмыстары 2026 дейін жалғасады. Бұл аралықта 590 пәтерлі 9 тұрғын үй салынады деп жоспарлануда. Соның арқасында 15 ескі үй бұзылып, 176 пәтердің тұрғындары жаңадан салынған үйге көшіріледі.