Ақтауда 16 дәрігердің улануына қатысты тергеу басталды
22:03, 12 Сәуір 2023
АҚТАУ.ҚазАқпарат - Ақтауда ауызашарда астан уланған медицина қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына аурудың топтық жағдайы, жіті ішек инфекциясы, гастроэнтерит туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. Қазіргі уақытта басқарма мамандары эпидемиологиялық тергеу жүргізіп, аурудың мән-жайын анықтап жатыр» делінген басқарма мәліметінде.
Әзірше ауызашар берілген мейрамхананың аты белгісіз. Мамандар тергеу жүргізілгеннен кейін жариялайтынын айтып отыр.
Айта кетсек, Ақтауда 16 дәрігер улану белгілерімен ауруханаға жүгінген еді.