Ақтауда 19 жастағы екі жігіт Каспий теңізіне батып кетті
09:28, 01 Шілде 2013
АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында шомылу кезінде 19 жастағы екі азамат Каспий теңізіне батып кетті.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Олардың мәйіттері судан ҚР ТЖМ Маңғыстау облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің 10 маманы мен бір техникасының, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ 3 маманы мен бір техникасының көмегімен шығарылды.