Олардың арасында тыйым салынған жерлерде темекі тартып, тұқылдарын жерге лақтырғандар, алкогольді ішімдік ішіп, қоғамдық тыныштықты бұзғандар бар.
Тәртіп сақшылары осындай ұсақ құқық бұзушылармен күресу үшін арнайы рейдке шықты. Себебі қаланың қоғамдық орындарын ластайтындар саны азаяр емес. Жалпы жыл басынан бері облыс бойынша 10 мыңнан астам адам тәртіп бұзған, деп жазады khabar.kz.