АҚТАУ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде 28 тамыз күні Каспий теңізіне экскаватормен түскен жүргізушінің әрекеті қызу талқыланып жатыр. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ақтау қаласы Полиция басқармасының Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері
Каспий теңізіне экскаватормен түскен жүргізушінің кім екенін анықтады. 29 жастағы жүргізушіге ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 593 және 620 бабы бойынша айыппұл жазылды» делінген хабарламада.
Одан бөлек, жүргізуші бұндай әрекетті қайталамасы үшін оған бұндай істің арты қайғылы жағдайға соқтыруы мүмкін екендігі түсіндірілді.
Ербол Жанат
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Kazinform ХАА-да 2014 жылдан бері тілші, шығарушы редактор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі - шеф-редактор.