Ажал құшқан 33 жастағы ер адам Ақтаудағы 26-шы шағынауданның тұрғыны болған. Оның екі досымен бірге облыс орталығының 4-ші шағынауданындағы 7-ші үйге қарсы бетте теңізде демалғаны хабарланып отыр.
Теңізге жалғыз өзі шомылған ол қас-қағым сәтте суға батып кеткен. Мұны көрген достары полиция қызметіне хабарласқан.
Құтқарушылардың ұйымдастырған жедел-іздеу шараларының барысында ер адамның мүрдесі табылды.