Басты назар - делегация жүріп өтетін қалаішілік жолдарға аударылып отыр. 10 шақырым жол бойына қалаға көрік беретін барқытгүл, қырмызы, түрік қалампыры сынды 5 миллион гүл егілмек.
Қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Қайрат Ақыбаевтың айтуынша, гүлдер теңіз жағалауындағы «Пиар» мейрамханасынан бастап, 32 шағынаудандағы оралмандар орталығына дейінгі жол жиегіне егіледі.
Сондай-ақ, қалаға 7 мың павловня көшеттері отырғызылмақ. Талдар Өзбекстаннан әкелінеді.
Қайрат Ақыбаевтың айтуынша, павловняның биіктігі болашақта 25-30 метрге дейін өседі. Талдар достық үйінен бастап, жаңа жол айналмасындағы 3 құмыра төңірегіне отырғызылады.
Қалаға көрік беретін тағы бір ерекше туынды - гүлмен өрілген құмыра болмақ. Композицияның биіктігі 8-9 метр.
Жалпы, шаһарды абаттандыруға республикалық бюджеттен 823 миллион теңге бөлінген. Қаражатқа бұдан бөлек, жолдар жөнделуде.
Айта кетейік, делегация 5 жұлдызды 6 бірдей қонақ үйге орналасады.