Шала туған сәби сәуір айында дүниеге келген. Мұнайлы ауданының тұрғыны жүктіліктің 23-аптасында салмағы 590 грамм, бойы 28 см нәресте босанды. Бұл экстремалды өте төмен дене салмағы саналады.
«Орталықтағы неанотологтер мен мамандардың кәсіби шеберлігі, ерекше күтімі және анасының шексіз махаббаты арқасында нәрестенің денсаулығы жақсарды. Осылайша, 102 тәулікте сәбидің салмағы 2 585 грамм, бойы 43 см болып үйіне шығарылды», - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.