Ақтауда 7 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды
10:10, 19 Желтоқсан 2009
АҚТАУ. Желтоқсанның 19-ы. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Ақтауда 7 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тексеру барысында 7 адамнан құралған ұрылар тобы Қазақстан азаматтары және Талдықорған қаласынан екендіктері анықталды.
Олардың Ақтауға келу мақсаттары да - коттедж үйлердегі ауқатты тұратын отбасыларын тонау екендігі белгілі болды.
Маңғыстау облыстық Ішкі Істер басқармасының қызметкерлері оларды қаладағы Толқын-1 шағын ауданында орналасқан №30 үйді тонап жатқан жерлерінен қолға түсірді.