Хабарламада ер адамның үйдің төбесінен секіріп, өз-өзіне қол жұмсағысы келгені айтылған. Құтқарушылар мен тәртіп сақшылары оны көндіріп, жерге түсіріп алған. Ол осы үйдің 6-қабатында тұрады екен.
«Анықталғандай, ер адам сүйікті қызымен ұрысысып қалған. Сондықтан осындай әрекетпен, көңілін аудармақ болыпты» делінген хабарламада.
Ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша іс қозғалған.