Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Елдар Машырықов айтты.
«Қыркүйек айының аяғында тапсырамыз деп жоспарланған мәдени орталықтың дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта актілері, құрылысқа қажетті құжаттары жасақталып, тапсыруға дайындап жатырмыз. Ал кітапхана мен музей құрылысы 2020 жылдың аяғында бітеді»,- деді Е.Машырықов.
Мұражайдың алдында Әбіш Кекілбаевтың ескерткіші болады. Жобаның инвесторлары итальяндық компания. Екі мың орындық кітапхана мен театрды біріктіретін бұл орталық 10 га аумақты қамтып отыр. Жоба авторлары - елордалық мамандар. Сондай-ақ, кітапханада 304 мың кітап болады.
Айта кетейік, мұражайдың ашылуы 12 қазанына жоспарланған.
Еске салсақ, бұған дейін ҚР Президенті Әбіш Кекілбаев музейін уақтылы бітіруді тапсырған болатын.