Ақтауда алғаш рет шахматтан әлем чемпионаты басталды

Фото: Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтаудағы әуесқой шахматтан халықаралық ойынға өз мектебі мен елінің намысын қорғау үшін 53 елден оқушылар жиналды. Бүгін байқаудың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Чемпионат екі жас категориясында өтеді. 12 және 18 жасқа дейінгі санат. Жарысқа 53 елден 400-ге жуық оқушы қатысады. Қатысушылардың ішіндегі ең алыс елдерден келген оқушылар Парагвай, Перу, Мадагаскардан елдерінен. Бұл жарыс әлемнің төрт бұрышындағы континеттерден жиналған қатысушыларға ерекше достық жағдайында бәсекелестік пен мәдени тәжірибе алмасу үшін үлкен алаң болмақ.

Ашылу салтанаты аясында қатысушыларды Халықаралық шахмат федерациясының (fide) президенті Аркадий Дворкович құттықтады.

«Сіздер өз елдеріңіздің жеңімпаздары мен нағыз жұлдыздарысыз және көптеген жетістіктерге қол жеткіздіңіздер. Әлемнің түкпір-түкпірінен Каспий теңізінің жағасына халықаралық жарыста кездесулеріңіз соның дәлелі. Біз осы чемпионатты ұйымдастырғаны үшін барша Қазақстанға, ҚР шахмат федерациясына, Маңғыстау облысының әкімдігіне және «Freedom Finanсе» компаниясына алғысымызды білдіреміз. Бұл жарыста сіздер әртүрлі континенттерден келген достар тауып қана қоймай, үйлеріңізге бақытты сәттерге толы жылы естеліктермен қайтатыныңызға сенімдіміз. Алдағы уақытта да сіздер өз елдеріңіздің намысы үшін шахмат ойнап, әртүрлі жарыстарда өнер көрсететініңізге сенімдімін.

Бірнеше ай бұрын осында әлемнің 50-нен спортшы жинаймыз дегенде, бұл миссияны жүзеге асыру мүмкін емес деп ойладық. Алайда бірігіп мүмкін еместі жүзеге асырдық. Мен сіздерге әрдайым мүмкін емес биік болып көрінетін арманның барлығы қол жеткізуге тілектеспін. Сәуір айында біз Астанада шахматтан әлем чемпионатын өткіздік. Бұл оқиға Қазақстанды шахмат астаналарының біріне айналдырды. Бізге сенген және бірге жұмыс істегендердің барлығына алғыс айтамын. Қазақстанда қазір шахматтың «бумы» деп есептеймін. FIDE-нің мақсаты да осы, әлемнің әр елінде шахматқа деген қызығушылықты арттыру, оны жүзеге асыру оңай емес, алайда мүмкін емес ештеңе жоқ екеніне сенемін», - деді Аркадий Дворкович.

Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Тұрловтың пікірінше, еліміздің шахмат спортынан әлеуеті зор.

«Бүгін біз Каспий теңізінің жағалауындамыз. Бұл жарыс ірі қазақстандық шахмат турнирлерінің орталықтары – Астана мен Алматыда емес, Ақтауда өтіп отыр. Чемпионатты өткізу барысы, біздің зияткерлік ұлт қалыптастыру, адами әлеуетті нығайту және білімді ілгерілету жөніндегі еліміздің стратегиялық міндеттеріне толық сәйкес келеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда шахмат мектептерінің рөлі орасан. Бүгін басталған турнир жоғары деңгейде, жақсы көңіл күйде өтетініне күмәнім жоқ. Оқушылар арасындағы бәсекелестік рухы, шахмат тақтасындағы керемет ойынды қамтамасыз ететініне сенімдімін», - деді Тимур Турлов.

Қазақстанның алты қаласынан келген он мектептің оқушылары, чемпионатта еліміздің атынан өнер көрсетпек. Балалар жоғары деңгейлі ойын көрсету үшін жарысқа ұзақ дайындалған.

Қазақстан чемпионатқа қатысушылар тізімі:

* It мектеп-лицейі, Ақтау;

*Н. Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі, Ақтау;

* М. Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицейі, Алматы;

* Республикалық физика-математика мектебі, Алматы;

* Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы;

* №72 мектеп-лицейі, Астана;

* Республикалық физика-математика мектебі, Астана;

* «Білім-Инновация» облыстық лицей-интернаты, Атырау;

* Дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицей, Павлодар;

* О. Жолдасбеков атындағы №9 IT-лицейі, Шымкент.

Ресми бөлімнен кейін, қатысушылар мен қонақтар үшін, чемпионатты одан әрі қызықты ете түсетін бай экскурсиялық және ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.

Жарыста символдық бірінші қадамды 18 жасқа дейінгі санатта Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, ал 12 жасқа дейінгі санатта Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Тұрлов орындады. Ресми бөлімнен басқа, қатысушылар мен қонақтар үшін бұл чемпионатты одан әрі қызық әрі есте қалаларлық ету үшін, бай экскурсиялық-ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылған.

Ақтау тарихындағы шахматтан алғашқы әлем чемпионаты барлық шахмат әуесқойлары үшін ерекше мереке болмақ.

Турнир 8 тамызға дейін «Halyk Arena» кешенінде өтеді.