«2023 жылғы Амал мейрамын мерекелеу шараларының аясында 13-14 наурыз күндері «Отпан» тарихи-мәдени кешеніне тегін автобус жүреді» делінген мәліметте.
Автобустар 13 наурыз сағат 13.00-де, 14 наурыз сағат 08.00-де «Нұрплаза» қонақ үйінің алдынан жүреді.
Сол көліктермен Отпаннан Ақтауға кері қайту мүмкіндігі қарастырылған.
Айта кетейік, осыған дейін Маңғыстауда Амал мерекесіне орай қандай шаралар жоспарланғанын жазған едік.