Ақтауда әскери-тергеу басқармасының басшысы ұсталды – ҰҚК

Фото: Polisia.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы басшысының ұсталғанын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі растады.

ҰҚК-тің мәліметінше, әскери-тергеу басқармасы басшысы пара алу күдігіне іліккен.

- Қылмыстық кодекстің 366 бабына сәйкес «пара алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Айта кетейік, жыл басында ҰҚК полициямен бірлесіп, аса қауіпті 19 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты

Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті қару жасайтын төрт жасырын цехты жойды.

Кеше белгілі болғандай ҰҚК заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам есірткі тәркіленді.